- Подробности
- Автор: editor
3 ақпанда Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында Қытайдың Жаңа жылы - көктем мерекесіне арналған «Шығыс мәдениетінің дәстүрлері» атты іс-шара ұйымдастырылды, ол ежелден Қытайдағы басты және ең ұзақ мереке болып саналады. Бұл мерекенің шығу тегі ежелгі дәуірге жатады, қазіргі түрінде ол қытай қоғамында сақталған аңыздарға, нанымдар мен дәстүрлерге құрмет көрсетеді.
- Подробности
- Автор: editor
2 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Ұлт рухын асқақтатқан басылым» атты республикалық конференция өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында 2023 жыл – Түркі өркениетін дамыту жылына арналған «Түркі өркениеті өнер әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
2 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығы ұйымдастырған "Көктем мерекесімен жылы жүздесу" атты шамдар фестивалі қабылдауына қатысты.
- Подробности
- Автор: editor
1 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласының тұрғындары қазақстандық жазушы, кинорежиссёр, сценарист Ермек Кәріпжанұлы Тұрсыновпен бірге Флориан Зеллердің “Отец” кино туындысын тамашалады.
- Подробности
- Автор: editor
1 ақпанда Н. Дәулетова атындағы залында Әдебиет академиясы залының жұмысы форматында және «2023 жыл – Түркістан өркениетінің даму жылы» аясында қазақстандық 20 жас ақынның жүз өлеңі өзбек тіліне аударылып, жарық көрген «Юз шеър» кітабының тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
27 қаңтарда Н. Дәулетова атындағы залда қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің туғанына 80 жыл толуына орай «Көркемдік әлемінің көш басында» атты шығармашылық кездесу өтті.
- Подробности
- Автор: editor
25 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қ. Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн мырза, Венгрия консулы Петер Имре Шиклош мырза, «Келет» АҚ Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Венгрия мәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласы өнеркәсіпшілер және жұмыс берушілер одағының вице-президенті Папп Александр Адальбертович мырза және Венгрия қауымдастығының мүшесі Папп Морика ханым келді.
Кітап шоу - 2024
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.