+7 (727) 267-28-83

99e58352 e4e9 4168 975a c664f0706e09

28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Мұхтар Әуезовті оқимыз» Халықаралық байқауы аясында қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ғалым және қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына, сондай-ақ 2022 жыл – ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы болып жариялануына орай мерекелік іс-шара өтті.

Толығырақ...  

диор27 қыркүйекте Н. Дәулетова атындағы залда «DIOR МУЗАСЫ: Шанхайға оралуы» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

11111

26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы № 19 орта мектепте ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына орай әдеби кеш өткізді.

Толығырақ...  

22222222

26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» гала-концертінде көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Толығырақ...  

корей

21-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай «Корей киносының күндері» атты кинофестиваль өтті. 

Толығырақ...  

аклащш вриа

23 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің 30 жылдығына және «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының 20 жылдығына арналған «Қазақстан баспасөзі: бүгіні мен ертеңі» атты конференция өтті.

Толығырақ...  

посол

23 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасына ілтипат білдіріп Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің Кеңесшісі дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, Томохиро Катана мырза, Елшіліктің бірінші хатшысы, мәдени-ақпараттық бөлімінің басшысы Юя Киносита мырза және Елшіліктің бірінші хатшысы, экономикалық бөлімінің басшысы Такасигэ Кобаяси мырза келді.

Толығырақ...  

иуры аруыжыдуауп

22 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары «Қазақстан Республиканың арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының IV слеті» аясында «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы кітапханалық жіктеу жүйесі. ӘОЖ бойынша индекстеудің негізгі ережелері» тақырыбында семинар-тәжірибе өткізді.

Толығырақ...  

Кітап шоу - 2024