+7 (727) 267-28-83

25.02.2021 - 26.02.2021

Название:
26 ақпан, сағат 11.00-де Е.Тұрсынов залында ұлы ақын,  композитор Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтеді.
Дата:
25.02.2021 - 26.02.2021
Расположение:

Описание

Баспасөз хабарламасы

ҚР  Ұлттық кітапханасы                                                                 26 ақпан  2018 ж.

Алматы қ., Абай даңғылы, 14                                                                  сағ. 11.00

     2021 жылғы 26 ақпан, сағат 11.00-де Е.Тұрсынов залында ұлы ақын,  композитор Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты музыкалық-поэзиялық кеш өтеді.

     Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында өткізіледі.  

     2021 жылғы 28 ақпанда қазақ ауызша поэзиялық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) туғанына 175 жыл толады. Жүз жылдықты қамтыған Жамбыл Жабаевтың өмірі бір мақсатқа – туған халқының мүддесіне қызмет етуге бағынды, оның жадында ұлы ақын мәңгі өшпес сөз шебері болып қала береді.

     Музыкалық-поэзиялық кештің мақсаты – ақынның поэзиялық мұрасын жаңғырту, оның шығармашылығын кеңінен насихаттау және дәріптеу, онымен жастарды таныстыру.

     Кеш қонақтары: белгілі қоғам қайраткері, жазушы, жамбылтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбек Қапалбекұлы; профессор, филология ғылымдарының докторы Тебегенов Темірхан; профессор, филология ғылымдарының кандидаты Айбергенова Салтанат; композитор, филология ғылымдарының кандидаты Қыдырбек Балнұр; Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алжамбаев Шаяхмет; композитор Сетеков Хабиболла; сценарист, Жамбыл халықаралық сыйлығының лауреаты Шормақов Бақытжан және т. б.

      Кеш модераторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ бас директоры, белгілі актер Есеналиев Байғали.

      Музыкалық-поэзиялық кеш аясында Өнер бөлімінің, Әлем әдебиеті қызметінің, Ораз Жандосов атындағы «Қазақстан кітаптары» оқу залдарында, сондай-ақ Мерзімді басылымдар залында ұлы ақын, суырып салма өнерінің классигі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, оның шығармалары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылды.

      Іс-шараға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері, оқырмандар және т. б. қатысады.

Кітап шоу - 2024