+7 (727) 267-28-83

18.10.2021 - 19.10.2021

Название:
19 қазан сағат, 11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында Өнертану ғылымдарының магистрі Әсет Жұмабаевтың «Домбыра бас аспабына арналған оқу құралы» кітабының тұсаукесері өтеді.
Дата:
18.10.2021 - 19.10.2021
Расположение:

Описание

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

19 қазан сағат, 11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің әртісі, Өнертану ғылымдарының магистрі Әсет Жұмабаевтың «Домбыра бас аспабына арналған оқу құралы» кітабының тұсаукесері өтеді.

Домбыра аспабы 85 жылдық тарихында алғаш рет оқу құралы ретінде жүйеленіп, жарияланып отыр.

Оқу құралында – аспаптың шығу тарихы, шеберлердің аспапты жасауы, оның алғашқы негізін қалаушылар, алғашқы орындаушылар және осы күнге жеткізушілер жүйеленіп зерттелген.

Домбыра аспабын 1935 жылы академик Ахмет Жұбанов Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестріне енгізді. Аспап домбыра тобына жатады. Оркестрдің төменгі регистрдегі гармониясының негізгі дыбыстарын қамтып, жалпы шығарманың құрылымын толықтырып отырады.

Аспап 1950 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жеке мамандық ретінде оқу үрдісіне енгізілді.

Іс-шара мақсаты – домбыра аспабын насихаттау, оның тарихын зерделеу, болашақ ұрпаққа жеткізу. Ұлт аспаптары оркестріндегі домбыра аспабының міндетін айқындау.

Іс-шараға кәсіби өнертанушы мамандар, дирижерлар, домбыра аспабында орындаушылар, ұстаздар қатысады.