+7 (727) 267-28-83

17.04.2024

Название:
17 сәуір, сағат 10:00-да Мақсұт Шафиғидың туғанына 90 жыл толуына орай «Сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинау, сақтау және зерттеу» атты дөңгелек үстел өтеді
Дата:
17.04.2024
Расположение:

Описание

2024 жылдың 17 сәуір күні сағат 10:00 да Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бірлесіп қолжазбатанушы-ғалым, ауыз әдебиетін жинаушы және зерттеуші Мақсұт Шафиғидың туғанына 90 жыл толуына орай «Сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинау, сақтау және зерттеу» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Шафиғи Мақсұт Әминұлы (21.03.1934 - 26.02.2023) – көне қолжазбалар маманы, ауыз әдебиетін жинаушы және зерттеуші. Бейжіңнің халықаралық қатынастар университетін (ҚХР) бітірген (1961). 1974 жылдан бастап Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болып еңбек еткен.

М.Шафиғи Қазақстандағы қолжазба ісіне көп еңбек сіңірген ғалым. Оның тікелей еңбегі нәтижесінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба қорларында сақтаулы шағатай тілінде жазылған көптеген көне қолжазбаларды қазіргі жазуға түсірген. Қазақ халық әдебиеті көптомдығының ертегілер мен дастандарға және Абылай хан туралы тарихи жырларға арналған томдарын, алты кітаптан тұратын «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасын» құрастырушылардың бірі. Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының, Сүлеймен Бақырғанидің «Хикмет Хазірет Сұлтан әл-Ғарифин» атты қолжазбасының, Хандар шежіресінің қазақ тіліндегі алғашқы ғылыми аудармасын жасап, түсініктерін жазуға және баспаға әзірлеуге қатысқан. Қазақ ауыз әдебиет мәселелеріне арналған жүзден астам ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ қазақ мектептеріне арналған алғашқы «Араб тілі» оқулығы авторларының бірі.

Ісшараға ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, қолжазба зерттеуші мамандар, кітапхана және музей қызметкерлері қатысып, Мақсұт Шафиғидың сирек қолжазба қорларының жиналуына, насихатталуына, зерттелуіне және аударуына қосқан үлесі мен жасаған жұмыстары туралы   естеліктерімен бөліседі. Сирек қорлардағы жәдігерлердің Қазақстан тарихы, ғылымы мен әдебиетінен алатын орны жан-жақты қарастырылады. Мамандар қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтау және оқырманға ұсыну мәселелерін талқылайды.

Қадірлі оқырман!

Сіздерді қолжазбатанушы-ғалым, ауыз әдебиетін жинаушы және зерттеуші Мақсұт Шафиғидың туғанына 90 жыл толуына орай өткізілетін «Сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинау, сақтау және зерттеу» дөңгелек үстелге шақырамыз!

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14

ҚР Ұлттық кітапханасы

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефоны: +77272672855

                                     +77014402125

Кітап шоу - 2024