+7 (727) 267-28-83

04.05.2024

Название:
4 мамыр, сағат 11.00-де «Сақшылық өмір сабағы» атты оқу құралы жинақ-кітабының тұсаукесері өтеді
Дата:
04.05.2024
Расположение:

Описание

2024 жылғы 4 мамыр, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі, ақын Маймақов Айболат Тілеубайұлының «Сақшылық өмір сабағы» атты оқу құралы жинақ-кітабының тұсаукесері өтеді.

Айболат Тілеубайұлының «Сақшылық өмір сабағы» атты кітабында автордың полиция қызметі мен сала мамандарын даярлау жолындағы ұстаздық қызметін ұштастырған елеулі еңбектері, көргені мен көңілге түйгендері, ой-толғамдары, көңіл сырын шерткен сан алуан тақырыптағы өлең-жырлары мен әсерлі естелік-әңгімелері топтастырылған. Шығармада этнопедагогика негіздері, ұлттық құндылықтарымыз бен патриоттыққа үндейтін еңбектер қамтылған. Түсінікті, жатық тілмен жазылған кітап «Полиция - ел айбыны», «Этнопедагогиканың полиция кадрларын даярлаудағы ерекшеліктері», «ІІО ардагерлерінің жас қызметкерлердің қалыптасуындағы рөлі», «Адамгершілік адамзат құндылықтарының шыңы», «Отан отбасынан басталады» тақырыбындағы 5 бөлімнің аясында жазылған.

Кітап қызметкерлерге, ұстаздарға, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және ғылыми қызметкерлерге, жалпы оқырман қауымға арналған.

Қатысушылар: ІІМ, қала, аудан әкімдігі, Жазушылар одағының мүшелері,  зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, ІІО, ҚК қызметкерлері мен  ардагерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ұжымы, Қарулы Күштер оқу орындары мен басқа да жоғары оқу орындарының оқытушылары мен профессорлары, студенттер, магистранттар, докторанттар, курсанттар, БАҚ өкілдері және т.б.

Кітап шоу - 2024